Шымкент қаласына жеңіл атлет, Олимпиада чемпионы, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Ольга Рыпакова арнайы іссапармен келіп, мегаполистегі спорт инфрақұрылымының жай-күйімен танысты. Сапар барысында ол оңтүстік өңірдегі спорт саласының даму барысы мен Жеңіл атлетика спорт мектебіне барды.


 Жеңіл атлетикадан Олимпида ойындарының үшеуіне қатысып 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медалді жеңіп алған Жеңіл атлетика федерациясының президенті Ольга Рыпакова құрылысы жүріп жатқан Қажымұқан стадионға барды. Мұнда оны қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Аманжолұлымен, нысанның жаңғыртылу жұмыстарымен таныстырды. Олимпиада чемпионы стадион аумағында жүріп жатқан құрылыс барысын аралап көріп, жүгіру жолақтарының халықаралық, нақтырақ айтқанда, Олимпиадалық стандарттарға толық сәйкес келуі қажеттігін атап өтті. Айтып өтейік, Қажымұқан стадионы Қазақстандағы 8 жолақты бірден жеңіл атлетиканың толық талабына сай. Еліміздегі бірден -бір стадионы болып тұр. Сондықтанда жеңіл атлетика спортының бас стадионының болашағы Әлемдік жүгіру сайысына сай болу керек. Сонымен қатар Ольга Рыпакова №2 Жеңіл атлетика және велосипед спорт түрлерінен Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне де арнайы барды. Онда ол жас спортшылармен кездесіп, өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, оларды аянбай еңбек етуге және үлкен жарыстарда ел үмітін ақтауға жігерлендірді.