Түркістан қаласында Қаржылық мониторинг агенттігінің үйлестіруімен Республикалық форум өтті. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды. Ауқымды шара халық арасында «Заң және тәртіп» қағидаларын дамытуға бағытталды.

Басқосуға ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері, Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қоғам белсенділері, Жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, Қоғамдық пікір көшбасшылары, дін өкілдері қатысты. Форум ауқымдылығы 500 мыңнан аса облыс тұрғындарымен азаматтарын қамтыды.
 Бұл күні Флэшмоб, панельдік сессиялар, интеллектуалды ойын, Гала концерт ұйымдастырылды. Қатысушылар лудомания мен синтетикалық есірткіге қарсы екендіктерін ұрандатып жеткізді. Челленджді еліміздің өзге өңірлеріне жолдады. Панельдік сессияларда «AML ACADEMY» Қаржылық мониторинг академиясының кәсіби мамандары өз тыңдаушыларына қаржылық сауаттылықтың маңызы, тәуелділіктің зияны туралы айтты. Сұрақтарына жауап берді. Өңір белсенділері мен жастарынан құралған 15 топ арасында интеллектуалды ойын өтті.
 Форум соңында Түркістан облысының Экономикалық қауіпсіздігін
сақтауда елеулі еңбек еткен азаматтарға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар
табысталды.