Түркістан облысында өзіндік кіріс көздерін арттыру, «көлеңкелі экономикамен» күрес, қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстары нәтижесінде өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер көлемі ұлғайды. Аталған саладағы мәселелер облыс әкімдігінде талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.
Облыс бойынша жергілікті бюджеттің салықтық түсімдердің биылға бекітілген жоспары – 162 млрд. теңге. Ал 15 қарашада нақты түскені – 151 млрд. теңге. Жылдық жоспардың орындалуы 92,9%-ды құрады. Салықтық түсімдерге талдау жүргізу нәтижесінде 15 қарашадағы нақты түсім сомасы 150,6 млрд. теңге. 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27,6 млрд. теңгеге өсіп отыр. Аймақта корпоративтік табыс салығы бойынша бекітілген жоспар 105,3% пайызға орындалды. Ал жеке табыс салығы бойынша жылға бекітілген жоспар 91,6% жетті. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,9 млрд. теңгеге артқан. 2024 жылға 11,8 млрд. теңгені құрайтын қосымша кіріс көздері болжамдалып, бүгінде 7,2 млрд. теңге өндірілген.
МАҚСАТ НҰРАХАЕВ - МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Ал заңды тұлғалардың мүліктік салығы бойынша бекітілген жоспар 78 пайызға, көлік салығы бойынша жоспар 103,8 пайызға орындалды. Мемлекеттік баж салығы бойынша жоспар 87 пайызға орындалды. Өзге экономика бойынша жергілікті бюджеттен түскен түсімдерге келсек, өсу қарқыны 141 пайызды құрады.