Үшінші мегаполисте ҚР-ның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен халықаралық турнир өтті. 3-рет дәстүрлі түрде өткізіліп отырған бозкілем бәсекесіне ел спортшыларынан қатар Қытай, Әзірбайжан, Тәжікстан, Грузия, Маңғолия, Польша сынды сегіз мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысып отыр. Додаға ұлттық спорт ардагерлері мен қала басшылығы арнайы келіп, жарыстың мән-маңызына тоқталды.
Ұлттық спорт бәсекесіне арнайы келіп, алғы сөз алған қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Оңалбек Керімбекұлының тұлғасына тоқталып, қазақ күресіне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз екенін айтты. Спортшыларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Қазақ күресімен айналысаты спортшылардың саны жеткілікті.» - – «Ерекшелігімізді көрсететін төл өнеріміз. Қазан да қазақ халқымен бірге жасасып келе жатыр.»
Турнирдің маңызы жоғары. Отандық бапкерлер жарыс жолын сәтті аяқтап, жеңімпаз атанған спортшыларды алда өтетін дүбірлі додаларға алып барып, ұлттық құрама сапына қосуды көздейді.
ДАМИР БЕКБОСЫНОВ, ҚАЗАҚ КҮРЕСІ АССОЦИАЦИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
– «Ұлттық құраманың бапкерлерінің көзіне түссе кейін арнайы оқу-жаттығу жиындарына шақыртып, басқа жарыстарға қосып шешім шығаруы мүмкін.»
Спорттық мансабын дзюдо күресінен бастаған Нұрдәулет бес жылдан бері қазақ күресімен тұрақты шұғылданады. Жеткен жетістігі, көрсеткен нәтижелері де көңіл қуантарлық. Додаға Түркістан облысының атынан қатысып отырған балуан алғашқы екі белдесуін сәтті өткізді. Өзін-өзі қамшылап, жарыстың жеңімпазы атануды көздеген ұлан: «Мақсатым айқын, бозкілемде босаңсуға болмайды» дейді.
НҰРДӘУЛЕТ ӘБДІКӘРІМ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
– «Осы турнирге үш ай тоқтаусыз дайындалдық. Екі сбор өтті.» – «Бірінші айналым қарсыласым боскілемге шықпады, екінші айналымда таза жеңіске жеттім.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тағайындалған арнайы кубок, медаль және ақшалай ынталандыру сыйлықтары бар. Сондай-ақ түйе балуан «Лада» автокөлігін тізгіндейді. Бірақ оны үлестіру тәртібі өзгерген. Ұйымдастырушылар, бұған дейін бас жүлде сыйын тек ауыр салмақ спортшылары ғана қанжығалап келді. Бұл жеңіл салмақтағы балуандар үшін әділетсіз шешім. Енді бас жүлдені жеңіп алу салмақ дәрежесіне байланысты болмайды, - деп отыр.
БАЛТАБАЙ АСАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
– «Түйе балуанды күрестірмейміз» – «Сегіз салмақтан жеңімпаз атанған спортшыларды ортаға шығарып көліктің кімге бұйыратынын жеребе арқылы таңдаймыз» -
Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы осы сынды турнирлер ұлттық спортқа серпін беріп, қазақ күресін бредт ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді, - дейді. Шымкенттік спортшылардың бабы мен бағы басым екенін атап өткен ол, мегаполистегі ұлттық спорт күннен-күнге дамып келетінін айтады.
МАРАТБЕК МЫҚТЫБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Қазақша күреске үлкен зейін қойылып, дамып келеді. Биыл өткен көшпенділер ойындарында жеті спорт түрінен бақ сынап, біршама жүлде жеңіп алдық»
Жарыс екі үш күнге жоспарланған. Мамандардың айтуынша, шетелдік спортшылар отандық балуандарға лайықты бәсекелестік танытып, тең дәрежеде күресіп келеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қараша айының 23-і күні белгілі болмақ.