SUNQAR мектеп-гимназиясында ашық есік күні өтті. 1-сынып оқушыларының бейімделуіне арналған «Біріншіге барамын» акциясы аясында тренингтер мен түрлі дәрістер қарастырылған. Ата-аналар мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, ұстаздар олардың ой-пікірін тыңдады.
Мектеп-гимназиясы биыл оқу жылында 12 бірінші сыныпты қабылдады. Олардың саны – 276. Ашық есік күнін өткізудегі басты мақсат – балалардың бейімделуі мен сабақ сапасын көрсету, бүлдіршіндердің қоршаған ортамен қарым-қатынасы жайында ата-аналарға мәлімет беру.
ГҮЛСАРА СӘДІБЕКОВА, SUNQAR МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Ұстаздарымызға сәттілік тілейміз. Осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұрамыз, бірге болыңыздар. Ата-аналарға тренинг өткізіледі, психологиялық сынақтар беріледі, содан кейін 12 сыныпта да ашық сабақ болады, әрі қарай ата-аналар жиналысы»
Мұндай мүмкіндіктің беріліп отырғанына ата-аналар да дән риза. Бірінші сыныпқа бару – ата-ана үшін де, бала үшін де аздап стресс болғандықтан, соны жеңуге мектеп ұжымы атсалысып отырса, нұр үстіне нұр деп қуанады.
ЛАУРА БАЙТОҚАЕВА, АТА-АНА
«Мектеп бізге өте қатты ұнайды. Балам күнде таңертең қуана-қуана мектепке барады. Сабақтары қызық. Балам бұл жерде уақытты қызықты өткізіп қана қоймай, сыныптастары, ұстаздарымен өте жақсы қарым-қатынаста, сондықтан, осы мектепке балам қуана-қуана келеді деп ойлаймын»
Мектептің басты принциптерінің бірі – мектеп, ата-ана, бала үштағанын берік сақтау, байланысын нығайту. Сондықтан, мектептен тыс іс-шаралар бағдарламасы көбіне ата-аналарға да бағытталған.
АҚДИДАР САҒЫНАЛЫ, ОҚУШЫ
«мен бірінші сыныпта оқимын. 5-ке оқимын. Маған сабаққа барған қатты ұнайды, бәрі де керемет»
SUNQAR мектеп-гимназиясы 2023 жылы ашылды. Қазір мұнда 1200 бала білім алып жатыр. Небәрі 1 жыл ішінде жеткен жетістік аз емес. Сапалы білім, саналы тәрбие береріне көз жеткізген ата-аналар балаларын осында оқытуға құштар. Білім беретін ұстаздардың еңбек өтілі – 15-20 жыл, әрқайсы кәсіби маман.