Отан алдында борышын өтеуге былтыр күзде келген сарбаздар запасқа шығарылды. 6506 әскери бөлімінде салтанатты шара ұйымдастырылды. Еліміздің әр аймағынан келген 400-ден астам мерзімді әскери қызметшілер үйлеріне қайтып жатыр. Іс-шараға бригада басшылығы, мерзімді қызмет сарбаздары және құқық қорғау органдарының ардагерлері қатысты.
Рәсім барысында Отанға қызмет еткені және адалдығы үшін жылы лебіздер айтылды. Командирлер жауынгерлердің әрқайсысы қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау арқылы елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлестерін қосқанын атап өтті. Жауынгерлік дайындықтағы және үлгілі әскери тәртіптегі жоғары көрсеткіштері үшін қызмет барысында ерекшеленген сарбаздар грамоталармен және төсбелгілермен марапатталды. Олардың ата-аналарына да алғыс хаттар жіберілді. 38 сарбаз жоғары оқу орнына ақысыз негізде түсу туралы сертификаттар алды.