Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты. «Дарбаза»  полигонында өткен оқу жаттығуда олар жауынгерлік кедергі жолағын уақытқа еңсеріп, шеберліктерін көрсетті.

 Әскери бөлімдегі 160 сарбаз алдымен теориялық дайындық курсынан өтіп, танктердің, атыс қарулары мен қол гранаталарының тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысқан. Жаттығуларды бірінші болып сабақ жетекшілері мен сержанттар құрамы орындады.
 Танк қозғалтқышының дыбысы мен оның шынжыр табандарының дауысы астына түскен сарбаздар нақты жауынгерлік жағдайларға дайын болу қаншалықты маңызды екенін түсінді. Сондай-ақ гранатаның дұрыс лақтырылуы мен ептіліктері де шыңдалды.  

САЛМАН ХАСАНОВ – САРБАЗ
«Оқу дала жиынына келгенімізге 30 күн болды. Мұнда өте қызықты өтуде. Маған қатты ұнап жатыр.  Қаруды қалай ұстаудан бастап, бәрін үйренудеміз. Бойымызда қорқыныш емес, қайта мақтаныш сезімі кернеуде. Барша жастарды әскерге шақырамын».

Жас сарбаздар жаттығуда топта әрекет етуді, бір-бірін қолдауды және қорқынышты жеңуді үйренді. Сабақ соңында бөлімше командирлері қорытындыларын шығарып, тапсырмалардың сәтті орындалғанын жеткізді. Сарбазздар курсы аяқтағаннан кейін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер Отанына адал болуға ант береді.