Қамыққанға көңіл бөліп, ісін бастап кетуге көмек беріледі. «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Отбасын қолдау орталығы» ашылды. Ауданда  мемлекеттік отбасылық саясатты жүйелі жүргізуге бағытталған әлеуметтік нысандар қатары толыға түсті.

Бұл коммуналдық мемлекеттік мекеме 2024 жылы шілде айында мемлекеттік тіркеуден өтіп, орталыққа 25 штаттық бірлік берілген болатын. Жаңа әлеуметтік нысанның салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Арман Сәбитов алғаш сөз алып, барша тұрғындарға жылы лебізін жеткізді. Өз сөзінде, аталмыш орталықтың атқаратын жұмыс бағыттарына қысқаша тоқталды
 АРМАН САБИТОВ, САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
  Қазақтың сөзі бар Отан отбасыдан басталады. Сондықтан қазағымның әрбір шаңырағы шайқалмасын. Сондықтан әрбір шаңырақтың берекелі болуы үшін келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін осы орталықты ашып отырмыз.

Тұрмыс тауқыметіне тап болған аналардың  қиын жағдайларын еңсеруде, бағыт-бағдар беріп,  қолдау көрсетуде мұндай орталықтардың маңызды зор.  Мекемеде көпбалалы, аз қамтылған, өмірлік дағдарыс, апатты жағдайға тап болған отбасыларға неке беріктілігін сақтау бағытында қызмет түрлері ұсынылады.
 ЖАҚСЫБЕК УТЕГЕНОВ, «ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» БАСШЫСЫ
-Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету. Оларды алдағы уақытта сүемелдеу. Оларды оқыту. Оқу күрстарына гранттарға қатыстырып оларды алдағы уақытта жақмсы өмір сүруге бейімдеу.  Отбасын қолдау орталығының негізгі мақсаты осы

Айта кетейік, аудан басшысы Арман Сәбитұлының қолдауымен ашылып отырған бұл орталықтың ішінде кәсіппен айналысамын деген тұрғындарға арнайы курстар оқытылады.Мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған автокөліктер де бар. Сонымен қатар, жас жеткіншектер үшін ойын бөлмелері қарастырылған. Мұнда дефектолог, психолог, социолог мамандар жұмыс жасайды.