Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеуке қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Елімізде тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынатын болды. Қазақстанда 2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде көліктермен бірдей етіп теңестіріледі.
 Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеудің жолын көрсетті. Оларды пайдалану үшін полицияда тіркелу; А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі; техникалық тексеру; азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өткізу қажет болады. Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚО-ға  жеке куәлік, мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары ұсыну қажет. Кейін өтініш толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажет мемлекеттік баждарды төлеу керек. 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз, – дейді ведомство өкілдері.