Экономиканың басты көзі - жұмыс күші. Сарапшылар 2030 жылдарға қарай 2 млн-ға жуық жұмысшы маман тапшылығы болады деп болжайды. Сондықтан түрлі салаға қажетті кадрларды даярлау – бүнігі күні өзекті болып тұр. Бұған мемлекет басшысы баса мән беріп, биылдан бастап түрлі жобаларды жүзеге асыру үшін үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Тақарыпты тілшіміз толықтырсын.
Елімізде еңбекке жарамды 9.6 млн адам бар. Соның 2.3 миллионы ғана жұмысшы мамандық иелері. Кадр тапшылығы бұрыннан бар. Республикадағы колледждер мен арнайы оқу орындары жыл сайын дәнекерлеуші, слесарь, автоэлектриктерді даярлап-ақ жатыр. Алайда диплом алған жастар мамандығы бойынша жұмыс істеуге құлықсыз.
БАУЫРЖАН ӘЛТЕЕВ, КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Біз айтамыз адал еңбек адал табыс. Соған не керек лайықты еңбек орны керек. Лайықты жалақы керек. Лайықты өмір сүру деңгейі керек. Көптің қара жұмысқа бармайтыны қазір олардың айлығы төмегн.
Жоғары оқу орындарын тәмамдаған жастардың көбі жұмыссыздар сапын толтырып отыр. Сұранысы төмен мамандық иелері қайта оқуға мәжбүр. Бұл да еліміздегі өзекті мәселе.
ҚАНАТБЕК ДОСАЛИЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Мысалы бір мамандықты көп оқу орындары дайыфндайды. Бірақ оқу орындарының арасында мониторинг жоқ. Қажеттіліктен туындайтын нәрсе. Мына мандықтар көп ол қажет емес деп айтанын адам жоқ. Бұл салада мәселелер көп.
Қазақстанға жыл санап шетелдерден инвестиция тартылып, жаңа зауыт-фабрикалар саны артып келеді. Бұл жергілікті халықты жұмыспен қамтуға зор мүмкіндік. Десекте, сол өндіріс орындарына бірінші кезекте білікті кадрлар қажет. Сондықтан жұмысшы мамдарына мемлекеттен көңіл бөлу – қарапайым халықтың әл-ауқатын көтеру боп саналады.