Түркі дүниесінің рухани, туристік астанасы атанған Түркістан қаласының халық саны соңғы үш жылда 23,9%-ға артып, 2024 жылдың 1 желтоқсан күні белгіленген статистикаға сәйкес 236 954 адамды құраған. Осылай деген қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы баспасөз конференциясын өткізіп, экономикалық даму жайлы жан-жақты ақпарат берді. Айтуынша, жалпы өңірлік өнім көлемі облыс орталығы болғалы 4,5 есе өсіп 2023 жылы 370 млрд теңгені құраған. Ал былтырғы  өсім 14,4%-ға ұлғайып, 452 млрд теңгеге жеткен.  

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Соңғы 4 жылда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1,3 трлн.теңгені құраған. Әзімбек Пазылбекұлының айтуынша, оның 46 пайызы жеке инвестиция есебінен. Былтыр Түркістанға 400 млрд.теңгеден аса инвестиция тартылған. Бұл 2023 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 20,3%-ға көп. Оның 264 млрд теңгесі жеке инвестиция болса, 135,6 млрд теңге бюджет есебінен қарастырылған.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Түркістанда жалпы ауданы 310 га құрайтын 2 өндірістік аймақ бар. Оның бірі - 180 гектар аумақты алып жатқан арнайы экономикалық аймақ. Қазір онда 126 млрд.теңгені құрайтын 15 жоба жасау көзделген. Соның негізінде 3050 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, дейді шаһар басшысы. Ал аумағы 190 гектарды құрайтын индустриялды аймақта бүгінде 10,5 млрд.теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылған. Алдағы уақытта құны 15,8 млрд.теңге болатын және 525 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігіне ие 19 жоба іске асырылмақ.

 ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 17,8 млрд.теңгеге 1454 жоба қаржыландырылған. Түркістан қаласының әкімі берген мәліметке сүйенсек,  арнаулы салық режимін қолдану кезінде бөлшек салық мөлшері 4%-дан 2%-ға төмендеген.