Шымкентте қыс бойы қармен арпалысқан төтеншеліктер енді тасқан суға қарсы сақтық шаларын күшейтіп жатыр. Көктемгі тасқын шараларына қарсы 2448 жеке құрам мен 442 техника және 81 мото помпа әзір тұр. 18 мың тонна құм мен 10 мың дана қап әзірленген. Қала аумағындағы 4 бірдей су қомасындағы судың деңгейі қалыпты, дейді төтеншеліктер.
Шымқаланы бөле жарып ағып жатқан «Бадам» және «Сайрам су» өзендеріндегі жағдай қалыпты. Дегенмен күн күрт жылынса таудағы қардың көбесі сөгіліп,су деңгейі көтерілетіні анық.Оған жауын суы қосылады. Сондықтан бастауын таулы аймақтан алатын «Бадам»өзенінің бойындағы қауіпті деген аймақтар былтыр бетондалды.Қалған қауіпті жағалаулар алдағы жылы бекітіледі.Ал,қала аумағында қарғын су басу қаупі бар 20 проблемалық учаске бар.Басты мәселе ирригациялық жүйенің болмауы. Немесе арық-атыздардың су өткізу деңгейінің төмендігі мен қоқыстың толуы.Қала аумағындағы ирригациялық жүйе 730 шақырымды құрайды. Осыны ескерген құтқарушылар қазірден бастап сақтық шараларын күшейтіп отыр.
АСҚАР ШӘРІП, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ – АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КАПИТАНЫ
Төтенше жағдай кезінде бізде егер тұрғындар тұрғылықты мекен жайлар мен үйлерінен айрылған жағдайда оларды қауіпсіз аумаққа яғни уақытша эвакуцилау мақсатында бізде 167 эвакуациялық пункт дайындыққа келтірілген. Яғни олар безде білім ордалары мектептер. Сонымен қатар су тасқыны күрделенген жағдайда бізде көмек көрсету мақсатында басқа өңірлерге жіберу үшін 3 эшалоннан құралған 93 жеке құрам 11 бірлік техника 26 мотопомпа 7 жүзу құралы дайындыққа келтірілген.