Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстандағы Сербияның Елшісі Владимир Йовичичпен кездесті. Жүздесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Екі жақты кездесу барысында туризм, жасанды интеллект, ІT секторы және басқа да бағыттағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Шымкентте Сербия Республикасының Құрметті консулдығын ашу мүмкіндігін қарастырылды. Қала әкімі Сербия Елшісін мегаполистің инвестициялық әлеуетімен және мемлекеттік қолдау шараларымен де таныстырды. Кездесу соңында шаһар басшысы Шымкентте инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі серб кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.