Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Дубай қаласында өтіп жатқан SWAT Challenge арнайы жасақ қызметкерлерінің халықаралық жарысы жайлы хабарлаған болатынбыз.
100-ден аса мемлекет командалары бақ сынап, әлем көз тіккен додада Қазақстандық «Томирис» әйелдер командасы жарыс жолын сәтті өткізуде. Тіпті бірнеше ер қарсыластарын қапы қалдырып, басым түсіп те үлгерген. Ішкі істер минситрлігінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінен құралған команда соңғы үш күн ішінде 50 қарсылас команданы жеңіп үлгерген, - деп хабарлайды ПОЛИЦИЯ КЗ.