Арт-нысандар қала көркін ашып тұр. Қазақтың салт-дәстүрі бейнеленген мурал көпқабатты үйлердің қасбетіне салынып жатыр. Ондай үйлер шаһардың сәнін келтіріп, келген туристерге ұлттық салт пен әдеп ғұрыптың бейнесін айқындайды. Қазіргі таңда үлкен көшелердегі отыздан аса көпқабатты үйдің қасбеті түрлі өнер туындысымен толыққан.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ
Мурал ол қазіргі Шымкенттің сәнді көріністерінің біріне айналды. Қазіргі таңда қаладағы көпқабатты үйлердің қасбетрі мынадай суреттермен көмкеріліп жатыр. Мұндай суреттерді үйлердің қасбетіне салмас бұрын әкімдік алдщымен конкурс ұйымдастырады. Онда ұсынылған үздік қазақи нақыштағы суреттер таңдалып алынып барып үйлер бетіне салынады. Қазіргі таңда қаладағы 5 ауданындағы көпқабатты үйлерде мынадай суреттерді көптеп байқауға болады.
Суреттер қаланың сыртқы келбетіне ерекше әсер қосады. Ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін бейнелердің үй қасбеттеріне салынып жатқанын жергілікті тұрғындар қолдайды. Сөздерінше, ұлттық үрдісті дәріптейтін муралдарға Қазақстанның ерекше табиғаты да бейнелесе екен дейді. Көрген көз егемен елдің дәстүрімен, тұмса табиғатын бір бейнеден көрсе алатын әсері де ерекше болар еді дейді.
РАЙХАН ТУРЗИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Маған ұнап жатыр өзіме. Өте жақсы. Мына жақтағы домдарға келсеңприятно деймін да. Әдемі істеп қойыпты. Алдындағы фасад кішкене дұрыс еместеу жанына әдемі болып тұр. Қазақстанның табиғатын. Тау, өзен жасыл керемет көп қой бізде тамаша жер. Солай көрсетер едім. Ал мыналар өте тамаша ұнады маған.
БЕКМҰХАМЕД БЕГАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Әдет ғұрпына тура келетіндерді салу керек та. Сонда шетелден келген туристер қазақтың әдет-ғұрыпы екен деп қарайды, суретке алады. Сонысы жақсы да. Сол үшін ісдестіру керек қазақтың мәдениет саласында көп қой суреттері. Таңдау керек та. ЖАқсылап салу керек оны көптеп барлық үйлерге.
Мурал салумен қаладағы бес аудан әкімдігі айналысып жатыр. Әсіресе, қала орталығын қамтитын Әл-Фараби ауданы 8 үйдің қасбетін өнер туындысына айналған. Биыл тағы 9 көпқабатты үйді арт нысанға айналдырмақшы. Ол үшін қойылатын талап бар.
РАШИД МЫҢБАЕВ - ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Негізгі талап бұл жерде ұлттық нақышта өзіміздің салт-дәстүрімізді дамыту, қаламыздың тарихын жаңғырту сынды осындай бірнешебағыттарын алып ұсынған суреттердеен ала отырып белгілейміз. Негізгі мақсат сол салт-дәстүр мәдениетімізді жаңғырту мақстында.
Айтып өтейік, қазіргі таңда мегаполистегі тұрғын үйлердің 33-інде мурал салынған. Бұл орайда Қаратау ауданы 14 арт-нысанмен көш бастап тұр. Жауаптылардың сөзінше, биыл тағы 20-ға жуық үйдің қасбетінде көркем туынды пайда болмақ.