Түркістанда Қазақ-Корей бірлескен университеті ғимаратының құрылысы жалғасып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс барысын қадағалап, нысанның қазіргі жай-күйімен танысты. Жауапты басшылар мен мердігер компания иелерімен пікір алмасып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдады.
\Бүгінде ғимараттың құрылысы қарқынды. Сыртын қаптау,  терезелерін орнату жұмыстары жүруде.  Нысан тамыз  айында  тапсырылады  деп  жоспарланған. Бірақ мамыр айына дейін аяқтап,  тапсыру көзделіп отыр.  Былтыр жауапты  министрлік  және Түркістан облысы әкімдігі тарапынан Кореяның 70 жылдық тарихы бар Woosong университеті басшылығымен келіссөздер жүргізілген болатын. Нәтижесінде Түркістанда аталған оқу ордасының филиалын ашу  туралы  келісімге қол қойылды. Бұл жоғары оқу орнында ІТ және өзге де техникалық  мамандарды даярлау жоспарланып  отыр.