Биыл Тұран ауданында үш бірдей демалыс аумағы салынады. Осылай деген аудан әкімі Берік Әшірбеков қала көшелерін көркейтіп, тұрғындарға жайлы жағдай жасау мақсатында бірнеше гүлзарлар пайдалануға берілетінін айтты. Көрікті орындар заман талабына сай ма, орналасқан аумағы тұрғындар үшін ыңғайлы ма?
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Арғынбеков пен Бәйтереков көшелері қиылысындағы 0,15 гектар аумаққа гүлзар салынады. Ал Гагарин 32, 34, 40, 42 үйлерінің артына сквер түседі. Ал Қабылбеков көшесі бойында тағы бір гүлзар ашылмақ. Еске сала кетсек, биыл тап осы аудан аумағында демеушілер тарапынан екі гүлзар салынып, пайдалануға берілген болатын.
 БЕРІК ӘШІРБЕКОВ, ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
– «2024 жылы бізде бірнеше гүлзарларды абаттандыру бойынша жұмыстар атқарылды. Тұрғындардың өтінішіне сәйкес биыл да 3 гүлзар салынбақ» -

 ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Берік Әшірековтың сөзінше, жыл соңына дейін Тұранда 33 балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары салынады. Ал былтыр тап осындай 40 жоба жүзеге асқан.

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Аудан әл-ауқатын баяндап, атқарылар жұмыстар легін тізбектеген аумақ басшысы брифинг барысында инфроқұрылым, абаттандыру, жаңа жобалар жоспарын да мәлімдеді.