Жұмысшы мамандарды қолдаудың арқасында Шымкентте тоқыма өнеркәсібінде жұмыс істейтін жастардың қатары көбейді.  Өндіріс орындары тәжірбиелі мамандардың көмегімен оларды өздері үйретіп, атқаратын жұмысының қырын сырын меңгертуде.  
 Қондырғы осылай іске қосылған сәттен бастап, Мұрат мыңдаған  жіптің бір бірімен шатасып кетпеуін, түр түсіне қарай алма-кезек ауысуын қадағалайды. Бұл жұмыс әр күні 8 сағатқа созылады. Қаржы және бизнес мамандығы бойынша білім алған маман  тұрақты әрі табысты жұмыс болғандықтан фабрикада еңбек етуді жөн санапты.
МҰРАТ ПЕРДЕН,  КІЛЕМ ТОҚУШЫ
    Әрбір станоктағы жіптердің саны 9 мыңнан 40 мыңға дейін өсе береді. Біздің тоқымашылардың басты міндеті әрбір жіптің  бір-бірімен оратылып, қате кетпеуінде, әрбір қате кеткен жіптердің кілемнің сапасына әсер етеді.
Мұрат секілді жастар әрбір істі  осындағы тәжірибелі мамандардан  үйренеді. Осындай тәлімгердің бірі Алтынай Дәден.  Фабрикада табан аудармай  13 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан  ол кілем тоқу өндірісінің барлық сатысын меңгерген.

АЛТЫНАЙ ДӘДЕН, ӨҢДЕУ БӨЛІМІНІҢ ШЕБЕРІ
 қасымызға алып, 1-2 апта үйретеміз. Сонан соң оларды бөліп, ауысымға шығарып жібереді. Келген адамның көбі тұрақтап қалып жатыр. Айылығымыз  да жақсы.
Кәсіпорын жұмысшыларды қолдау мақсатында биылдан бастап оларды еңбекке ынталандыратын бірнеше жаңашылдық енгізді. Мамандар осында табан аудармай 5 жыл еңбек етсе шипажайға тегін барады. Ал еңбек өтілі 8 жылдан соң  отбасымен бірге шетелде ақысыз саяхаттайды.  
НҮРКЕН ҚАРАҚҰЛОВ, ФАБРИКАНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
жұмысшы жұмыстан қалмай 24 күн үздіксіз келсе оған арнайы сыйақы  тағайындадық. Және де тәжірибесіне байланысты тағы да тағайындадық.
  Отандық кілемдер бүгінде өз елімізбен қатар шетелге де экспортталады. Мұрат «туған туыстарымның үйіне қыдыр барғанда фабрикамызда тоқылып, өз қолымнан шыққан төсеніштерді көргенде мақтаныш сезімі ұялайды» дейді.  
 Қазір кілем тоқу фабрикасында 500-ге тарта  адам жұмыс істейді.  Олардың 90 пайызға жуығы еңбек жолын енді бастаған жастар.