Қазақстанда мал ұрлығы азайған. Бұл туралы ІІМ хабарлады. 2024 жылы республика бойынша 1026 мал ұрлығы тіркелді. Бұл былтыр болған жалпы ұрлықтың 3%. Аталған фактілердің жартысынан көбі еркін жайылымда жасалған. Полиция 89 қылмыстық топты ұстады. Олардың құрамында 572 мал ұрысы болған. Ұрланған малдың 4,5 мыңнан астамы табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Осылайша өткен жылы мал ұрлығының саны 30,5% төмендеді.
Спикердің сөзінше, осындай қадамдардың бірі ретінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін қабылдауды атап өтуге болады. Сондай-ақ, жайылым ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік белгіленген. 2024 жылы 38,5 мыңнан астам осындай бұзушылық анықталды. Одан бөлек, мал ұрлығы үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізілген. Онда мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Өткен жылы мал ұрлығына қарсы республикалық деңгейде 2 іс-шара, өңірлік деңгейде 76 іс-шара өткізілген. 2025 жылдың қаңтар айында елімізде 69 мал ұрлығы тіркелді. 53 күдікті ұсталды. 10 қылмыстық топ әшкереленді. Ұрланған 450 малдың 134-і иелеріне қайтарылды.