Түркістан облысында кілем фабрикасын ашу жөнінде ирандық кәсіпкермен келіссөз жүргізілді. Осы орайда, «Sorena Carpet» компаниясының президенті Реза Махмудианмен кздескен аймақ басшысы Нұралхан Көшеров  өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.
«Sorena Carpet» компаниясы Иран Ислам Республикасындағы кілем және кілем өнімдерін шығаратын алып кәсіпорын. Кездесуде өз компаниясының әлеуетімен таныстырған ирандық инвестор алдағы жоспарларымен  бөлісе отырып, Түркістан облысында ауқымды жобаларын жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді. Ұсынып отырған жобаның маңызды екенін алға тартқан Нұралхан Көшеров  екі ел арасындағы ынтымақтастық негізінде сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми бағытты дамытуға мүмкіндік мол екенін тілге тиек етті. Бұл бағытта келіссөздер жалғасатын болады.