Бәйдібек ауданының тұрғыны бауыр еті баласына өзінің бүйрегін берді. Күрделі ота №1 қалалық ауруханада жасалған. Науқас бала мен донор әкенің жағдайымен арна тілшісі Кенжехан Дүйсенбі танысып қайтты.

Нұрлыбай Мұсабеков 4 баланың әкесі. Кенжесі Ержанның алты жылдан бері қос бүйрегі ауырады екен. Қанша емдетсе де шипа қонбай,  ақырында ағзасы істен шыққан. Дәрігерлер Ержанға емнің жалғыз жолы бүйрек трансплантанциясы деген. Шыбын жаны шырқыраған құлынының қайғысына  шыдамаған әке баласына бүйрегін беріп отыр.
  Ержан бұл отаға дейін талай азапты көрген. Денесі күннен күнге ісініп зәр шықпай қалған. Астана Алматыға барып емделіп нәтиже болмаған. Ақырында жасанды бүйрек аппаратына тәуелді болған. Қазір қиын күндер артта қалып, Ержан өмірге қайта келгендей.

САБИТХАН БАЙТЕМИРОВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
  Арнайы тексерілуден кейін біздің бөлімшеге жоспарлы түрде жатқызылды Донор әкесі тексерудін сәйкес болды  Мұндай науқастар Бүйрек алмастыру операциясын талап етеді
ЕРЖАН НҰРЛЫБАЙҰЛЫ, БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қазір шүкір диалезден құтылып пошкімді ауыстырып адам қатарына қосылғаныма. Әкеме рахмет қайтадан екінші өмір сыйлап дүниеге әкелгендей болды.  Қазір бәрі жақсы давлениенің дәрісін ішпеймін.

Бұл трасплантология орталығында бүйрекке жасалған 230-ота. №1 қалалық аурухананың білікті дәрігерлері 2013 жылдан бері күрделі ота жасап келеді. Осы уақытқа дейін 32 науқастың бауырын алмастыру операциясы жасалған.