Негізгі Жаңалықтар НАУРЫЗДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАНША КҮН ДЕМАЛАДЫ?

НАУРЫЗДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАНША КҮН ДЕМАЛАДЫ?

Көктемнің алғашқы айында Халықаралық әйелдер күні және Ұлыстың ұлы күні аталып өтіледі. Бұл қосымша демалыс күндері болады деген сөз.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер қыз-келіншектердің мерекесіне орай, 8, 9 және 10 наурыз күндері демалады. Ал, алты күндік жұмыс аптасы үшін 8 және 9 наурыз күндері – демалыс, 10 наурыз — жұмыс күні. Ұлыстың ұлы күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында демалады. Алты күндік жұмыс аптасы үшін 21, 22, 23 және 24 наурыз күндері – демалыс, ал 25 наурыз – жұмыс күні.

Бөлісу