Әл-Фараби ауданының басым бөлігі қаланың орталық бөлігінде жатыр. Сондықтан онда инфрақұрылым мәселесі толық шешілген. Тұрғындар ауыз су, көгілдір отын, электр жарығынан тапшылық көріп отырған жоқ. Ал ауданның жаңақұрылыс аумағындағы халықтың жағдайы қалай? Бұған дейін өзекті болып келген жол, мектеп, аурухана мәселесі шешілген бе? Әріптесім біліп көрді. Нұрлан Пайзов толықтырады.    
 
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ:

Ауданның жаңа құрылыс аумағында  инфрақұрылым мәселесі соңғы үш жылда шешімін тауып келеді. Шеткі елді мекендерде «Жайлы мектеп» салынып жатыр. Ал текесулік 140 отбсының балалары үшін ескі мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енбек.
 РАШИД МЫҢБАЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
 Әл-Фараби ауданында шеткі елдімекендер бар. Бұл юізде 7 сектор. Ол жерде Сәуле шағынауданы, оған тиесілі 276, 275,195 деген сектор бар. Жәнеде Текесу елдімекен бар. 276 орада соңғы үш жылда барлық жағдай жасалып жатыр жеп атуға толық мүмкіндік бар. Неге десеңіз ауыз су, светі толықтай сапалы жүргізілді. 2023 жылы толық газбен қамтылды. Биыл 2025 жылы 100 пайыз асфальт тротура арғығымен қамтылады. Жарығы да асфальты да 100 пайыз болдаы.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ: 

Әл-Фараби ауданында 390 көше бар, оның 314-і жарықтандырылған.  Биыл тағы 76 көшеге жарықшамдар қойылады. Сондай-ақ аулалар абаттандырылып, балалар спорт алаңшасы салынбақ.  
 РАШИД МЫҢБАЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
  Аулаларды аббаттандыру бойынша 33 балалар ойын алаңшаларын және Сәуле шағын ауданында  кешенді спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.2025 жылдың соңында аудан аумағында ойын алаңшалар мен спорт алаңшаларын орнату бойынша 83,5%-ға, 2026 жылы 100%-ға жетуді жоспарлаудамыз.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ:

Аудан аумағындағы көшенің жалпы ұзындығы 260 шақырымды құрайды. Биыл 25 көшеге асфальт төселсе, жол мәселесі толығымен шешілмек. Сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде 344 көпқабатты тұрғын үйдің ішкі орам жолдары ретке келтіріледі.