«Балам бастық болсын». Ата-аналардың басым көпшілігі осындай ойды ұстанып, перзентін жоғары оқу орнына бергісі келеді. Жұмысшы мамандық десе ұрпағының жағасы кірден, қолы майдан тазармайтындай түсінік қалыптасқан. Бүгінгі таңда арнаулы орта білім алған жастарға қандай мүмкіндіктер бар? Бұл жайында ұстаздар не дейді? Сұрақтардың жауабы келесі бейнематериалда.
Жастар сұранысы төмен болса да жоғары білім алғысы келеді. Алайда, қызыққан мамандығында бәсекелестер көп. Содан дипломы бар түлектердің біршамасы «жұмыссыздар армиясының» қатарын арттырып жүргені жасырын емес. Мемлекет басшысының көтерген мәселесі де осы. Жұмысшы мамандардың мәртебесін асырып, жұмыссыздықты жоюға ықпал етпек.
СЕЙДЕХАН ӘЛІБЕК, МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
- Бұл өте дұрыс, қажет, дер кезінде ескерілген іс болып отыр. Себебі жұмысшы мамандықтарын соңғы кезде көпшілік дұрыс түсінбей ол өте бір қара жұмыс істейтін мамандар сияқты көрінетін ғой. Шын мәнінде жұмысшы мамандықтары еліміз үшін, еліміздің экономикасын дамыту үшін, жалпы инвестиция тарту үшін де жалпы бұл жұмысшы мамандықтар өте қажет.
Соңғы жылдары кәсіптік техникалық білім беру меукемелерінің жұмысы жанданып келеді. Маман даярлауда оларға бөлінетін қаржы көлемі артқан. Жан басына шаққанда бір студентке бөлінетін сомма 437 мыңнан 912 мыңға өскен. Мұның барлығы жастарды осы мамандыққа тартуға оң ықпал етпек.
ТІЛЕК ИСАХМЕТОВ, ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ
Енді былай қарасақ осыдан 4-5 жыл алдын біздегі студенттер саны 800-850 ден аспайтын қазір 2 мыңға жетті. Былайша айтқанда ата-аналардыңда балалардың да көзқарасы өзгеріп жатыр. Жұмысшы мамандықтың тиімділігі оқуды тамамдағаннан кейін студенттер жұмыспен қамтылады.
Бұл бағытта қаламызда бірқатар жұмыстар қолға алынды. Мәселен, жаңа жылдан бастап техникалық және кәсіби білімге басымдық беріліп отыр. Шымкент қаласы әкімдігімен арнайы өңірлік іс-шаралар жоспары жасалып, онда Үкімет жоспарының жеті бағыты түгел қамтылған. Сондықтан жұмысшы мамандығын таңдау төмендеу емес тиімді.