Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің үшінші мегаполисінде жаңа опера және балет театры салынуы керек болған. 2024 жылы кірпіші қалануы тиіс нысанның сметалық құжаттамасы әлі дайын болмай шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Жиында одан өзге де мәселелер көтерілді. Әріптесім тыңдап қайтқан еді. Сюжеттен көрейік.
Іс-шарада алдымен Экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасының атқарған жұмыстары қаралды. Басқарма өкілінің сөзінше, биыл Шымкентте опера және балет театрының құрылысы басталмайды.
ҚҰДІРЕТ ЖҮСІПОВ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
-Жалып опера балет театры бізде мемлекет басшысының тапсырмасын сәйке салынуы қажет болатын. Бірақ оның жобалық сметалық құжаттағы параметрлері келісу процестері созылып кетті. Құжаттамасын әзірлеу созылды. Со себепті бұл жоба әлі дайын емес. Биыл аяқтай алмаймыз. Екіншісі Базарқақпа, Жаңаталап, Бадап, Өтеміс шағынаудандарын табиғи газбен қамту Республикансикй бюджеттен қаржының кеш бөлінуіне байланысты өткен жылы 2023 те орындайтын проектеріміз 2024 ке созылды, 2024 те проектері 2025 ке кейінге шегеріліп келе жатыр.
Жалпы AMANAT партиясысың сайлауалды бағдарламасындағы белгіленген тармақтар толық жүзеге аспай отыр. Былтыр «Жол картасындағы» 96 тармақтың алтауы түрлі себептермен орындалмаған.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫС, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШҚФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
2023-2027 жылдарға арналған AMANAT партиясының халықпен бірге атты 5 жылдық жоспарымыз бар. Бағдарламамыз сайлауалды. Жол картасы түзілген. Қазіргі кезде индикаторды 100 тармақты және 4 басымды қамтиды. 2023 жылы 94 тармақ белгіленген болса соның 89-ы орындалған. Ал 2024 жылы қазіргі ткезде 96 тармақтың 90-ы орындалып отырү Яғни 94,7 пайыз орындап отырмыз. Және халыққа берген уәдемізді толық жүзеге асырып отырмыз.
Жиын барысында басқарма басшыларына түрлі сұрақтар қойылып, қатысушылар өздерінің көкейіндегі сауалдарына жауап алды. Мұндай іс-шаралар шаһардың экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында партияның жұмысын әрі қарай тиімді етуге мүмкіндік бермек.