Түркістанда сыртқы жарнамалардың мәтіндері тексеріліп жатыр. Тамақтану орындарының ас-мәзірлері алдымен қазақ тілінде жазылуы қажет. Кассалық аппараттардың да ақпарат тілі бірінші мемлекет тілде көрсетілуі қадағаланады. Арнайы топ іске кірісті.
Түркістан қаласы бойынша сыртқы жарнамалар мен көрнекі ақпарат тілін реттеу және жүйелеу мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізетін арнайы жұмысшы тобы құрылды. Олар ҚР «Тіл туралы» Заңының 21 бабының талаптары қалай орындалып жатқанын бақылайды. Яғни заң бойынша хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, асмәзірі, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпараттар мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда басқа тілдерде жазылуы қажет. Жұмысшы топ алғашқы рейдттік шараларын жаңа қаладағы 32 көше бойындағы сыртқы жарнамалардың мәтіндеріне, дүкендердің баға көрсеткіштеріне, және тамақтану орындарының асмәзірлерімен кассалық аппараттардың тілін реттеу бойынша аралап шықтық. Нәтижесінде 15 шаруашылық обьектілерді көріп, ҚР «Тіл туралы» Заңының талаптарын бұзған 5 жеке кәсіпкер иесіне ретке келтіру бойынша ескерту ұсыным хаты берілді. Осы ретте, кемшіліктер орындалмаған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу - ескерту жасауымен шектелетінін немесе 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертілді. Қала әкімдігі жанын құрылған жұмысшы топтың рейдттік шараларына айына 2 рет шығуды жоспарлап, қаладағы барлық қызмет көрсету орындары қамтымақ.