AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға алдын-ала жазылған азаматтардың мәселесі әр түрлі. Бірінің тазалыққа көңілі толмаса, ендігісі көшесінде жарықшам орнатып беруді сұрап келген. Түн тыныштығын бұзатындар жайлы да айтқандар болды. Қалалық мәслихаттың депутаты Дария Қожамжарова көмек сұрай келген азаматтармен жеке тілдесіп шықты.
«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына жазылғандардың бірі -Олжас Асқар. Әл-Фараби ауданының тұрғыны қоғамдық қабылдауға бір топ көршілерімен келген. Үйлерінің ауласы қардан тазаланбайды, қоқыс уақытылы шығарылмайды дейді олар. Мәслихат депутатына одан да өзге мәселелерін жеткізді.
ОЛЖАС АСҚАР – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Анам мұзда тайып құлап ертең лечениясы бар ары бері бар деген сияқты барлығы қалтадан ұрады ғой. Соның алдын алмаса. түнде балдардың шулар айқайлап өлеңді бақыртып қоятындар бар. Қателеспесем глобо тасымалдаушылар. Солар түн тыныштығын бұзады. Енді жәрдем беретін шығар деген үмітпен келіп тұрмыз.
Қоғамдық қабылдауда ауыз су, көгілдір отын, аялдама және көшені жарықтандыру мәселесі айтылды. Сондай-ақ Абай саябағындағы ағаштардың қурап, айналасы қоқыс палигонына айналып жатқандығы да айтылды.
ДАРИЯ ҚОЖАМЖАРОВА – МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Жалпы біздің президентіміздің айтуы халыққа дұрыс жағдай жасау керек. Олардың демалуына қаланың көріктенуіне үлкен үлес қосатын мәселелдеп ойлаймын. Менің ойымша бұл өз шешімін табуға тиісті. Ең үлкен мәселел деп отырмын бүгінгі қабылдаудағы. Біраз уақыттан бері қолға алынбай қалған мәселе екен. Тұрғындарға мен үлкен алғысымды білдіргім келеді. Қаланың тазалығы өсіп-өркендеуі, көркейуі, жасыл желектердің болашақта көктеп айна дайындығы қатты мазалайтыны. Тұрғындардың алға қойған келелі мәселе екеніне бүгін тағыда көзімжетіп тұр.
AMANAT партиясы Республикалық қоғамдық қабылдауына былтыр 7092 өтініш түскен. Оның 5243-і оң шешімін тауып, 1849 бойынша заң аясында түсініктер берілген.