Шымкентте қолқаны қабатын қолаңса иіс шығады. Қазір қыс мезгілі болған соң онша сезіле бермейді. Ал жазда жағымсыз иістен дем алу қиындап, тұншығып қала жаздайсың. Әсіресе Нұршуақ шағын ауданының тұрғындарына қиын. Редакциямызға хабарласқан эко-белсенділер осылай дейді. Бұл мәселені экология департаменті де жоққа шығармайды. Түйіннің күрмеуі неде? Жауаптылар қандай уәж айтты? Қанат Жолдасбектің бейнематериалы.   

 Мәселенің бір ұшы – Индустриялды аймақтарда. Осылай деген эколог Сабыр Балыбек департемент тарапынан жасалған тексерістер соны меңзейтінін айтады. Сөзінше, ондағы кәсіпорындар түнгі уақытта тиісті сүзгілерді пайдаланбай заң талаптарын өрескел бұзады. Салдарынан атмосфералық ауаға зиянды элменттер таралып, жағымсыз иіс шығады.

САБЫР БАЛЫБЕК, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Оның бәрі дәлелденіп, жоспардан тыс тексеріске негіз болған. 2014 жылы «Оңтүстік» индустриялды аймақтағы 14 кәсіпорынға тексеріс жүргізіп, 220 млннан аса айыппұл салынды.» -

Оксана Шонаева – табиғат жанашыры.Әлеуметтік желіде чат ашып, өзі сынды белсенділермен бірге ерікті түрде жұмыс істейді. Олардың мақсаты бір. Мегаполис ауасын ластап жүргендерді құзырлы органдарға жеткізіп, жөнге салуды көздейді. Жағымсыз иістің қалаға таралуына мұнай өңдеу зауыты себепкер болуы мүмкін дейді ол. Оксананың айтуынша, аталған нысан күрделі жөндеуге жабылғанда немесе мерзімді демалысқа шыққанда ауа тазарған.  

 ОКСАНА ШОНАЕВА, ЭКО-БЕЛСЕНДІ
– «Мұнай өңдеу зауоты демалыста еді. Сол екі-үш ай ішінде мүлдем жағымсыз иіс болған жоқ. Шағымдар жазылған уақыттарда иіс жойылып кетеді.»

Мәселенің барын, Экология және табиғи ресурстар министрі де жоққа шығармайды.
 ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ
 – «Шымкент жоғары деңгейде ластанған қалаға жатпайды. Келесі ластанған қалаға жататын өңір.»

Тұрғындардан түскен арыз-шағымдар ескерусіз қалмайтын болды. Экология департаменті аталған мәселеге байланысты жан-жақты зерделеу жүргізіп, тексерулер басталғанын жеткізді.