1995 жылы елімізде Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылды. Тәуелсіздік туын көтеріп басты бағыт экономикалық тұрақтылық болған шақта ұйым жұмысын бастады. Көп ұлтты еліміздің бейбіт дамуына ассамблеяның да өзіндік үлесі бар. Бұл күнде саяси салмағы бар ұйымның 30 жылдық тарихы мен атқарған шаруасы қаладағы «Достық үйінде» айтылды.
Ассамблеяның басты мақсаты қоғамдағы мемлекет саясатын жүргізу. Халықтар арасында достықты нығайту. Осы бағыттағы жұмыстарды ілгерілетуге бірден бір бағытталған институт ол - Ассамблея. 30 жыл аясында ұйым өзіне жүктелген міндеттерді толығымен атқарды – дейді ғалымдар.
ҚАЙРАТ АНАРБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ САРАПШЫЛЫҚ ТОП ЖЕТЕКШІСІ
Шымкент қаласындағы барлық эностық мәдени орталықтар жұмыстарының жүйеге түсуі, олардың жоспарлы түрде жүріп отыруы+++ Халықтар достығының бірлігін көрсетуде ассамблеяның атқарған жұмыстары көп болды.
Қазақстандағы Этномәдени бірлестік өкілдері өздерінің дәстүр-салтын тілін тарихын жоғалтпай дамып келеді. Оған себеп мемлекет құраушы ұлттың кең пейілдігі мен дархандығы – дейді этнос өкілдері. Еліміздегі 130 ұлт пен ұлыс ынтымақ деген ұлы күшті ұйыстан шығармау қажеттігін ұғынған.
ШАКИРЖАН БУРНАШОВ, ТАТАР-БАШҚҰРТ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
30 жылда жауапты үлкен жолды жүріп өттік. Ассамблея көп ұлтты Қазақстанды біріктіре түсті. Біздің ел бейбітшілік аралы. Ынтымақ пен бірліктің ұйытқысы. Мемлекет басшыларының сарабдал саясаты арқасында елміз көркейіп дамыған елдер қатарына еніп келеміз. Барлық көрші елдермен тату-тәтті қарым-қатынас орнатып бейбітшілікті ту етіп келеміз.
Қазақстан Халқы Ассамблеясы 30 жылдыққа орай игі іс-шараларды жоспарлап отыр. Атаулы күндерді атап өтуден бөлек еліміздің дамуына, ұлттарды ұйыстыруға бағытталған жобаларды биыл жүзеге асырылмақ.