Шымкентте 20 күн бұрын жоғалған жігіттің мәйіті табылды. Бұл ақпаратты полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Бұған дейін Бәйдібек Ақмырзаұлының жоғалып кеткенін хабарлаған едік. 14-ші қаңтарда Шымкент әуежайынан досын шығарып салған 20 жастағы жігіт 12-ші бағыттағы қоғамдық көлікке отырған. Әпкесінің айтуынша, сол күні ол Ордабасы ауданынан Шымкентке жүргізуші куәлігін алуға келген екен. Соңғы рет әкесімен желі арқылы ауылға қайтатынын айтып байланысқа шыққан. Жігіттің жақындары іздеу салғанымен 20 күн бойында еш хабар болмады. Өкінішке қарай, Бәйдібек Ақмырзаұлының денесі кеше кешқұрым Қуаныш Төлеметов көшесі бойындағы құрылысы аяқталмаған үйден табылды. 20 жастағы жігіттің неден, қалай қайтыс болғаны жөнінде сот-медициналық сарпатамасы жүргізіліп жатыр, дейді Полиция департаментінің баспасөз өкілі
БАҒЛАН ИСАТАЕВА - ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ӨКІЛІ
Жоғалған азаматтың өлімі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғадды. Алдын-ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері анықталмады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені өткізілуде.
Ал, осыдан екі апта бұрын хабар - ошарсыз кеткен Арайлым Ермекбай аман-есен табылды. Полицейлер оқушы қызды Көмешбұлақ шағын ауданынан тапқан. Арайлым қазір отбасымен бірге.
Сондай-ақ, із-түзсіз жоғалған Таңнұр Тұрсынбекте табылды. 16 жастағы жігіттің Республика даңғылы бойында жүргені анықталып, тәртіп сақшылары ата-анасына табыстады.