Шымкенттегі «Hadisha med» көпсалалы клиникасы инсульттан кейін науқастардың өмірін сақтап қалу үшін озық технологияларды енгізуді жалғастыруда. Дәрігерлер бұл аппараттардың көмегімен қан тамырларына тіліксіз ота жасап, пациенттің тезірек сауығып кетуіне барынша сеп болуда. Осы орайда, медициналық көмек деңгейін бағалауға Ұлттық нейрохирургия орталығының қан тамырлары және функционалды нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Ербол Махамбетов Астанадан арнайы келіп, жергілікті дәрігерлермен кездесті. Сондай-ақ, науқастармен тілдесіп, сапалы әрі уақтылы көмек көрсету мүмкіндіктеріне тоқталды.
300 орынға шақталған клиникада емделушілерге алғашқы жәрдем көрсетуден бастап, күрделі отаға дейін жасалады. Мұндағы инсульт бөлімшесінде 30, нейрохирургияда 20, неврология бөлімшесінде 15 жатын төсек орын бар. Сондай-ақ орталықта 10 ота жасау аймағы қарастырылған. Жансақтау бөлімі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Орталықты аралап көрген елордалық білікті маман науқастарға сапалы әрі уақтылы көмек көрсету мүмкіндіктеріне тоқталды. Осы орайда озық технологияларды меңгеріп нәтижеге қол жеткізіп отырған дәрігерлерге өзінің оң бағасын берді.
ЕРБОЛ МАХАМБЕТОВ - ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
«Қазір елімізде өкінішке орай, невропотологиялық аурулар өршіп тұр. Осыған байланысты дәрігерлердің біліктілігін арттыруды басты орынға қойып отырмыз. Мақсатымыз, науқастарға дер кезінде көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалу. Бүгін HADISHA MED көпсалалы медициналық клиникасына келіп, невропотолог және нейрохирургтармен кездесіп отырмын. Науқастармен де тілдестім. Мұнда барлық жағдай жасалған. Дәрігерлер ұлттық нейрохирургия орталығында нейроинсульт қызметін дамытуға арналған республикалық бағдарлама аясында біліктіліктерін жетілдірген. Мен мамандарға оң баға беремін».
Көпсалалы клиниканың Нейрохирургия бөлімінде германиялық апараттың көмегімен қан тамырларына операция жасалады. Тіліксіз іске асатын оталар анестезияны қажет етпейді. Нәтижесінде, қан тамырындағы ұйыған қандар алынып, жарылған жағдайда қалпына келтіреді. Моножоспарлы ангиографиялық жүйе науқастың тезірек сауығып кетуіне ықпалы, зор дейді дәрігерлер.
ЖАСҰЛАН ЖИРЕНБАЕВ – НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ 554 5078 01:00 – 02:00
«Инсультпен түскен науқастардың 2 түрі болады. Геморрагиялық және ишимиялық инсульт болып бөлінеді. Инсульттің барлығына бұл жерде жедел медициналық көмек көрсетіледі. Бұл көмекпен науқастарға операциялар тамыр ішімен жасалады. Бас кесілмейді, ми тамыры ішінде жасалады. Тромп алынып, қан тамыры жарылған жағдайда оны бітейді».
Елордалық дәрігер науқастармен де тілдестім, жағдайларын білді. Басы ауырып, өзін жайсыз сезінген Қонысбек Тілепов бірден жедел жәрдем шақырған екен. Ақ халаттылар 60 жастағы азаматта инсульттің білгілері барын байқап HADISHA MED көпсалалы медициналық клиникасына жеткізіпті. Тез арада дәрігерлер ота жасауды ұйғарып, стэнд қойған. Науқас қазір жағдайының жақсы екенін айтады.
ҚОНЫСБЕК ТІЛЕПОВ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Осында экстренный түстім. Барлық талдаулырды алды. Сол күні стэнд қойды. Қазір жағдайым жақсы. Көңіл күйім де жақсы. Осы жердегі дәрігерлердің бәріне рахмет. Жақсы қарап, уақтысында дәрі-дәрмегін беріп, уколын салып жатыр».
Көпсалалы клиника пациенттердің қалпына келу процесіне де ерекше назар аударады. Ерте оңалту бағдарламасына сәйкес, орталықта логопед, реабилитолог мамандары науқастардың сөйлеуін, қозғалыс үйлесімін жақсартып, қайта қалпына келуіне көмек көрсетеді. Орталық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында жұмыс істейді.
Лицензия 23009462 берілген күні 20.04.2023ж. «ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» РММ