Адырбеков пен Рысқұлов көшелері қиылысындағы әлі толық аяқталмаған құрылыс орны заңсыз деп танылып, сот үкімімен сүрілді. Орта сапасын бақылау басқармасы берген мәліметке сүйенсек ғимарат қызыл сызықта емес. Алайда Мерлан Керімжановтың айтуынша, нысан заңсыз бой көтерген. Тиісті құжаттары жоқ.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
- Жаңа ғана құрылыс жұмыстарына 45 млн теңге жұмсалған мына ғимараттың қабырғалары бүтін, терезелері орынында еді. Бірақ тиісті басқарма мен сот шешіміне сәйкес бұл ғимарат заңсыз деп табылып, сүрілу үстінде.»
Бейбіт Қанқожаев – аумақ иесі. Құрылыстың заңсыз екенін жоққа шығармайды. Ғимарат салуға рұқсат беретін тиісті құжаттары жоқ. Қыруар ақша жұмсап, несиеге батқан меншік иесі: «рұқсат қағазын алу үшін бір емес екі жылға жуық әрекеттендім, бірақ нәиже болмады. Күйінгеннен заңсыз құрылыс бастауға тәуекел еттім», - дейді. Сөзінше, ол бұл орынға гүл сататын дүкен ашпақ ниетте болған.
БЕЙБІТ ҚАНҚОЖАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Екі жыл жүрдім. Жеңіл құрылыс сұрадым. Екі қабатқа емес бір қабатқа сұрадым рұқсат берілген жоқ.» – «Тәуекел етіп соқтым. Себебі менің жерім ғой..» «2022 жылы сатып алған жерім еді. Бұл комерциялық жер.»
Орта сапасын бақылау басқармасының басшысы Мерлан Керімжанов аталған нысан аумағына арнайы келіп, меншік иесіне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ортақ байламға келіп, сүру жұмыстарын бастады. Айтуынша, ғимарат тиісті талаптарға сай келмейді. Рұқсатнамасы жоқ. Оны сүрудегі басты себеп осы.
МЕРЛАН КЕРІМЖАНОВ, ОРТА САПАСЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Адам өміріне қауіпті нысан деп танып, сотқа арыз бердік. Сол талап-арыздың нәтижесінде 3 қыркүйек күні тиісті шешім шықты. Одан кейін апелияциялық сот отырыстары болып соның нәтижесімен бүгін сот орындаушыармен нысанды сүру үстіндеміз. Ол кісіге тиісті нұсқама және тиісті мерзім берілген. Бұл азаматша сол аралықта тиісті құжаттарды әзірлемеген. Сондықтан да нысан адам өміріне қауіпті деп танылып, бұзуға шешім шыққан.
Мерлан Керімжановтың айтуынша, қала аумағында осы сынды құжаттары заңсыз не қызыл сызық үстінде орналасқан 15 нысан бар. Бұған дейін оның бесеуі сот шешіміне сәйкес сүрілген. Қазір қалған он нысанға қатысты сот процестері жүргізіліп жатыр.