Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолдардың бірі жабылады. Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 5 ақпаннан бастап Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан "Жібек жолы" өткізу пункті 4 айға жабылатынын мәлімдеді.
Комитеттің хабарлауынша, бұл Өзбекстан тарапындағы "Гишт-Куприк" өткізу пунктінің құрылысын аяқтауға байланысты. Осыған байланысты комитет «Жібек жолы» пункіті арқылы шекараны жаяу және көлік құралдарымен кесіп өтетін тұлғаларға жол жүру бағыттарын алдын ала қарастыру қажет екенін хабарлайды. Бұл ретте, жаяу жүргіншілер өткелі "Қапланбек", "Б.Қонысбаев" өткізу пункті мен "Сырдария" және "Целинный" бақылау-өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылатынын хабарлайды. Жүк автокөлік құралдарын өткізу әдеттегідей "Б.Қонысбаев", "Атамекен", "Қазығұрт" және "Тәжен" өткізу пункті арқылы, ал теміржол көлігімен өткізу "Сарыағаш" және "Бейнеу" теміржол өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.