Шымкентте кезінде сенімгерлік басқаруға берілген бірнеше мемлекет мүлкі қайтарылып, заңсыз салынған 10 бизнес нысаны бұзылатын болды. Олардың ішінде құрылыс талаптарын өрескел бұзып, «қызыл сызықта» бой көтерген және рұқсат құжаттары жоқ ғимараттар да бар.
«Қиял әлемі» саябағының ауамағына әлдебір кәсіпкер жерді меншігіне алмай тұрып, зәулім бизнес орталығын тұрғызып тастаған. Бірнеше қабатты нысанның жалпы аумағы 12 мың шаршы метр. Ғимарат иесі енді мүлкін қиратуға қарсылық танытып, қайта-қайта әкімдікпен соттасып жүр. Былтыр жасалған талдау нәтижесінде мегаполисте осы сияқты 20-дан астам ғимараттың бар екені анықталған. Оның 9-ы бұзылып, жолдар кеңейтілді. Көпшілігінің орнына аллея, ойын алаңы секілді тұрғындар ортақ пайдаланатын нысандар жасақталды. Биыл тағы оннан астам коммерциялық нысанды бұзып тастау туралы сот шешімі шыққан.
МЕЙІРЛАН КЕРІМЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
оның ішінде қызыл сызық та бар. Құжаттары рәсімделмеген ғимараттар да бар, оның ішінде жер телімі мемлекетке өтіп кеткен ғимараттар да бар. Соның барлығына сот шешімі шығып тек аппеляцияны күтіп отырған қазіргі таңда 10 нысан қалып отыр.
Бұл іске сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі де кірісті. Олар қоқыс полигонының мемлекетке қайтару процесі дұрыс жүрмегенін анықтады. Аумағы 42 гектар болатын алаң осыдан екі жыл бұрын тұтас жерімен және 16 техникасымен небәрі 2 млн теңгеге жекеге сатылып кеткен. Ал олардың нарықтағы құны жарты миллиард теңгеге бағаланған болып шықты.
ЖАНДОС БЕКАСАНОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Полигон формальді түрде мемлекеттік меншікке қайтарылған. Алайда талдау көрсеткендей, полигонның жерлері және 42 гектарлық басқа учаскелері екі жыл ішінде ресми түрде тіркелмеген және заңды түрде бұрынғы иесіне тиесілі.
Кезінде мемлекеттік миллиардттаған ақшасына тұрғызылған мұз сарайы, орталық су спорты кешені және №2 қалалық емхананы мемлекет жуырда өз қарауына қайта алды. Бірақ ең өкініштісі бұл нысандарды басқаруға алғандар әкімдік тарапынан берілген қыруар субсидияға ешнәрсе істеместен ғимараттардың тоз-тозын шығарып, тастап кете салды. Енді оларды қалпына келтіру үшін қайтадан қазына қаржысына қол салу керек.