Түркістанда әлеуметтік көмек алушылар саны жылдан-жылға азайып келеді. Мәселен былтыр 13 мыңға жуық адам көмек алған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ға төмен. Мамандар мұның себебін жұмыспен қамту көрсеткішімен байланыстырады. Былтыр «Еңбек» бағыты бойынша 11 мыңға жуық қала тұрғыны белсенді шараларға тартылып, жаңа жұмыс орындары құрылған.
 ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Кәсіпкерлікті қолдау және еңбек нарығын дамыту бойынша 143 азаматқа мемлекеттік грант беріліп, «Бастау бизнес» жобасымен 746 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша 117 адам сертификат алған. Ал сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 369 адам қамтылды.

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда.  Қолжетімді болуы үшін 26 дүкен мен 3 ірі сауда нүктелеріне халыққа ең қажетті 19 азық-түлік түрі жүйелі түрде жеткізіледі. Сондай-ақ арзандатылған жәрмеңкелер де жиі өтіп тұрады.

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Бағаны тұрақтандыру мақсатында көтерме сауда орталықтарына, ірі супер маркеттерге, жеке дүкендерге тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр.