Шымкентте жыл басталғалы есірткіге қатысты 30 іс тіркеліп, осыншама келі психотроптық зат заңсыз айналымнан алынды. Есірткімен күрес басқармасы мамандарының айтуынша, қалада қазір бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Нәтиже де жоқ емес.
 Құқық қорғау органдары интернет арқылы есірткі таратушыларды анықтауға ерекше ден қойып отыр. Мамандардың айтуынша, заманауи технологиялар арқылы есірткі саудасы жасырын жүргізіледі. Сондықтан, полиция жаңа әдістерді қолданып, мұндай қылмыстардың жолын кесуге тырысып жатыр.
БАУЫРЖАН ҚАРБЕКОВ, ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ    

Қаладағы барлық азаматтарды жаппай қамтуға тырысып жатырмыз, оларға ақпарат беруге тырысып жатырмыз, нәтиже жоқ деп айта алмаймыз, бар. Шымкент қаласы Полиция департаменті қаладағы негізгі құқықбұзушылықпен күресетін орган болғандықтан, біз осы қылмыстарды жасап жүрген азаматтарды анықтап, жауапкершілікке тартып жатырмыз/
Алдын алудан бөлек, салдарымен күресу де қиын іс. Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында 1204 тұрғын нашақорлықпен есепте тұр. Тәуелділікті емдеу кешенді іс-шараларды талап етеді. Одан айығу үшін жылдар қажет болуы мүмкін. Алайда, қазіргі терапиялар оң нәтиже беріп жатыр- дейді дәрігерлер.
 РАУШАН БАЙМҰРЫНОВА, «ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ПСИХИАТР-НАРКОЛОГ ДӘРІГЕРІ                                    

Қазіргі таңда психикалық және физикалық тәуелділіктен емделудің ең бір тиімді терапияның бірі – психофармакотерапия боп саналады, біріншіден біз уытсыздандыру терапиясы, адам ағзасынан уытты заттарды шығарып тастау керек. Сосын екінші этап – психиатр, психотерапия жұмыстары, бұл оңалту процесі//
Жастарды есірткіден қорғау – тек полицияның емес, бүкіл азаматтық қоғамның міндеті. Оның ішінде әр ата-ана балалардың жүріс-тұрысын мұқият бақылауға алып, күмәнді белгілерге көз жұма қарамағаны дұрыс дейді сарапшылар. Жастар санасына түрлі бағыттағы тәлім-тәрбиені сіңіру де -аса маңызды.
 ҒАЛЫМЖАН БИТҰРСЫН, Ж. ТӘШЕНОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ПРОРЕКТОРЫ  

Жастардың құқықтық сауатын, қаржылық, ақпараттық және діни сауатын қалыптастыру керек деп ойлаймын. Қазіргі жастар конституциядағы өз құқықтарын білуге тырысады, бірақ міндеттерін біле бермейді. Соның салдарынан қоғамда құқықбұзушылық көп//
Зерттеулерге сүйенсек, есірткінің жаппай тарауына синтетиканың қолжетімді болуы, ақпараттың аздығы, заңның кейбір тұсы да фактор бола алады. Соған қарамастан, былтыр есірткінің заңсыз айналымына қатысты 500-ге жуық құқықбұзушылық анықталды, ал тәркіленген есірткі көлемі 150 келіден асады.