Түркістан облысындағы аудандық ауруханада күрделі оталар жасалады. Енді ауыл тұрғындары жүрек қан тамырларына стенд қою сияқты операциялар үшін орталық Түркістанға немесе Шымкентке сабылмайды. Бұл мүмкіндік «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында туып отыр. Сюжетте толығырақ.
Жақында Амангелді Жұмасайдың қан қысымы көтеріліп, жүрегі сыр берген. Сарыағаш аудандық орталық ауруханаға шұғыл жеткізіліп, 84 жастағы қарияға жүректің ишемиялық ауруы диагнозы қойылған. Мамандар науқасқа бірден ота жасап, тарылған тамырларға стенд қойып, кеңейтті.
АМАНГЕЛДІ ЖҰМАСАЙ, САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«5 күннен кейін бұл жерден шығарады. Шауып жүрмін, жүректе әзірге жалоб жоқ. Таразының бір жағына дәрігерлерді, бір жағына алтынды қойса да мен айырбастамас едім. Айналдырған 20-30 минуттың ішінде менің өмірімді аман сақтап қалды. Ондай жігіттерді немен теңестіруге болады».
Инсульттің алдын алуға бағытталған операцияны аудан дәрігерлері былтырдан бері өздері жасап жүр. 2025 жылға да жоспар ауқымды, ол үшін қосымша медициналық жабдықтар алу жоспарланып отыр.
БАЙБЕК ҚҰДИЯРОВ, САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ
«Инсульт алған науқастарға осы Орталық аудандық ауруханада жоғары мамандандырылған тың әдіспен оталар жасалып жатыр. 2025 жылы оның көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Биыл станционарлық ангиография биплан аппаратын орнату жоспарланып жатыр. Ол іске асса мүмкіншіліктер одан сайын ұлғаяды».
Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында былтыр жүректің ишемиялық ауруларына 487 ота жасаған. Оның шінде 171-і жүрек қан тамырларына стенд орнату болса, қалғаны коронаграфия. Мекемеде МРТ аппараты да бар. Бүгінде мамандар арнайы дайындықтан өтіп, ақпаннан бастап құрылғы іске қосылды. Күрделі жөндеуден өткен медициналық нысанда былтыр Сарыағашпен қоса Қазығұрт, Келес аудандарының 26 мыңнан астам тұрғыны ем-дом алған.
БАХЫТ МЫРЗАГЕЛДИЕВ, САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
«Күрделі жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты біраз бөлімшелерді қысқартып, тек шұғыл келетін науастарға көмек беруді ұйымдастырып, жоспарлы науқастарды кішкене тоқтатқан жағдайымыз бар. Президентіміздің бағдарламасыына сәйкес брден-бір күрделі жөндеу жұмысынан өткізу, одан да біздің аурухана толыққанды өтті. Ол да өзіне медициналық көмектің сапасына бірден-бір үлесін қосатын болады. Өйткен 10 жылдан аса күрделі жөндеу жүргізілмеген болатын».
Ауданда былтыр «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасы» аясында орталық аурухананы күрделі жөндеуден бөлек, 3 медициналық нысан пайдалануға берілді. Орталықтан шалғай жатқан елді-мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункт пен дәрігерлік амбулатория салынған. Жалпы бүгінде шекаралас аудандағы 14 ауылға медицинналық тірек қажет. Оның төтеуіне биыл салынады.