Шымкентте балалардың құқығын қорғау басқармасы құрылады. Су жаңа басқарма мектепке дейінгі мекемелер мен оқушылардың және кәмелетке толмағандардың құқығын қорғаумен айналыспақ. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс 29-шы сессиясында қала әкімінің бірінші орынасары Айдын Кәрімов мәлім етті. Жиында бұдан өзге нендей тақарыптар қаузалды? Шынар Әуелбайдың бейнематериалында толығырақ...
Сессия көпшілік күткен басты жаңалықтарды жария етумен басталды. Белгілі болғандай, қаланы басқару схемасына бірқатар өзгерістер енгізілген. Енді Жастар ісі жөніндегі және балалар құқығын қорғау басқарламалары өз алдына жаңадан құрылатын болды.
АЙДЫН КӘРІМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл өте маңызды мәселе.Жастар мен бала құқығын қорғау біздің күнделікті басым бағыт болу керек. Басқа да маңызды шешімдер қабылданды.
Жиында қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бұдан өзге күн тәртібінде қаралатын 11 мәселені атап, тиісті басқармалардың есебі тыңдалды. Сондай-ақ, 2025-2027 жылдарға арналған қаланың бюджеті де нақтыланды. Бюджет көлемі биыл 900 млрд теңгеге жуықтаған. Оның басым бағыты әлеуметтік салаларға жұмсалмақ.
ЕРЛАН ЕСҚАРАЕВ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Оның ішінде жеке меншік мектептерге қаржыландыруға, 5 млрд теңге, мемлекеттік мектептерді қаржыландыруға 1, 7 млрд теңге, балабақшаларды мем тапсырыстар бойынша 2, 7 млрд теңге, материалдық техникаларды қаржыландыруға 6 млрд теңге, әлеуметтік қолдау шараларына 1, 2 млрд теңге, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға пәтер алуға 17, 9 млрд теңге қарасытру ұсынылып отыр.
Биыл бюджеттің шығыс бөлігі 45 млрд теңгеге артып, 850 млрд теңгеден 895 млрд-қа ұлғайған. Осы қарқынмен жұмыс жүйелі атқарылатын болса 1 трлн-ға жетуге болатынын Айдын Мейрамбекұлы баса айтты.