Түркістан қаласында «Түркістан – Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтамақтастық орталығы» тақырыбында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының екінші ынтымақтастық форумы өтуде.
Алғашқы «Орталық Азия – Корея» форумы былтыр Корея Республикасында өткен болатын. Бүгінгі кездесу осы маңызды миссияның жалғасы ретінде тәжірибе алмасуға және нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін алаңға айналды.Орталық Азия – Корея халықаралық форумына Корея және Орта Азия елдерінің, сондай-ақ еліміздің өзге өңірлерінің делегациясы қатысты. Көп ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының жүрегі болған Түркістан – мәдениеттер мен идеялар, сауда жолдарының тоғысқан мекені. Түркістан облысы халықаралық байланыстарды белсенді түрде дамытып келеді. Қытай Халық Республикасының бірқатар аймақтарымен, Орталық Азия елдерімен және Түркиямен бауырлас өңірлік қарым-қатынастар орнатылған. Ынтымақтастықтың жарқын үлгісі – Қазақстан мен Өзбекстан арасында бірлесіп құрылып жатқан «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы. Айта кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Корея Республикасы Қазақстан экономикасына инвестиция құю көлемі жағынан шетелдік ірі инвесторлар арасында үшінші орында. Өткен жылы екі ел арасындағы екіжақты тауар айналымы 3,1 млрд АҚШ долларына жетті. Бүгінгі таңда Қазақстанда Hyundai, KIA, Samsung, LG, Doosan және басқа да 876 оңтүстік кореялық компания табысты жұмыс істеп келеді.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өзінің стратегиялық географиялық орналасуының арқасында Түркістан облысы Орталық Азиядағы маңызды көлік-логистикалық хаб рөлін атқарады. Біз осы әлеуетті инвестиция тарту, экспорттық мүмкіндіктерді арттыру және шетелдік серіктестермен, соның ішінде Кореямен экономикалық байланысты нығайту үшін тиімді пайдалануға дайынбыз. Түркістан облысы Корея мемлекетімен стратегиялық әріптестікті нығайтуға, өңіраралық байланысты кеңейтуге және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын.