Мегаполисте тұрғындарға арналған демалыс орындары көбейеді. Қала билігі тек орталық көшелерді ғана емес, шалғайдағы елдімекендерді де назарға алған. Еңбекші ауданында абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде.


 Жібек жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысы қазір құрылыс алаңына айналған. Тегістелген топырақ, орнатылып жатқан шамдар мен субұрқақтың қаңқасы көзге түседі. Жаңа гүлзар тұрғындарға демалыс орны болмақ.


ШЕРЗАД РАСУЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Бұрын мұнда шөп басып, қараусыз жатқан еді. Қазір фонтан қойып, балалар алаңшасы мен тренажер орнатып жатыр. Әдемі болып келе жатыр, еңбектеніп жатқан адамдарға рахмет.


Гүлзар аумағында балалар ойын алаңы, заманауи орындықтар, тренажер құрылғылары мен түрлі түсті жарықшамы бар субұрқақтар салынып жатыр.


МАРАТ ӘБІТАЕВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ

 4200 шаршы метр аумақта көгалдандыру, 2000 шаршы метр тротуар төсеу жоспарланған. Екі сухой фонтан, екі пергола болады. Құрылысты қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.


Халық қатысатын бюджет аясында Еңбекші ауданында 35 балалар алаңы пайдалануға берілді. Жоспарланған жеті гүлзардың бесеуінің құрылысы аяқталып, қалғаны жұмыс үстінде.


МАРҒҰЛАН ЖОЛДАХМЕТ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Барлық жұмысты қарашаның соңына дейін бітіреміз. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында да гүлзар салынып жатыр. Бұл былтыр басталған жобаның жалғасы, 6500 шаршы метр аумақты қамтиды.


 Абаттандыру тек орталық көшелерде емес, Абдулабад, Забадам, Жастар шағынауданы және Еламан елдімекенінде де жүргізілуде. Жаңа гүлзарлар аяқталған соң аудан тұрғындары үшін демалыстың жайлы орындарына айналмақ.