Қала әкімінің халықпен көшпелі кездесу Тұран ауданында жалғасын тапты. А. Диваев, Желтоқсан, А. Асқаров және Исмаилов көшелерінің тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқылады.


Аудан тұрғындары қоғамдық орындарды, аулаларды және көшелерді абаттандыруды, Қошқар-ата өзенінің жағалауын таза ұстауды, автотұрақтарды кеңейтуді және бейнебақылау жүйесін орнатуды сұрады.Тазалық пен тәртіпті тек коммуналдық қызмет пен тұрғындардың бірлескен еңбегі арқылы ғана сақтауға болатынын атап өтті. Әркім тазалыққа жауапкершілікпен қараса, тұрғындар үшін жайлы әрі қолайлы орта қалыптасады. Сонымен қатар, қала тұрғындары қоғамдық тәртіпті сақтау, сапалы жылумен қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтердің жұмысын жақсарту, кәсіпкерлік нысандарының жай-күйін қадағалау және балалар мен спорт алаңдарын жаңарту мәселелерін де көтерді. Тұрғындардан түскен ұсыныстар мен бастамалар алдағы жұмыс жоспарына енгізіліп, назарға алынады. Аудан әкімдігі мен жауапты басқармаларға әр азамат қысқа мерзімде нақты өзгеріс көруі үшін көтерілген мәселелерді жедел қарастыруды тапсырды.