Экономиканың басты көзі ол жұмыс күші. Елдің әлеуетін көтеру үшін жұмысшы мамандар аса қажет. Сарапшылар 2030 жылдарға қарай 2 млн ға жуық жұмысшы маман тапшылығы болады деп болжауда. Сондықтан түрлі салаға қажетті қарапайым еңбек адамдарын даярлау қажеттілігі туындап отыр.
Бақберген Тұрғанбаев темірден түйін түйетін ұста. Көпқабатты үй құрлысына қажетті арматур қамыттарын жасайды. Өндіріс орнында жұмыс өтілі 3 жылдан асқан. Мамандығын осы жерге келіп меңгерген. Кәсібінен нәсіп тауып 5 баласын асырап отыр.
БАҚБЕРГЕН ТҰРҒАНБАЕВ, ЖҰМЫСШЫ
ТЖК станокта жұмыс істеймін. Хамут шығарамын. Колона, рейгелге шығарамыз. Азанда сағат 8 де басталады жұмысымыз. Обетіміз 12-13 аралығында. Кешкі 17:00 де қайтамыз үйге. Айлық жақсы бәрі уақытылы.
DALA-CONSTRUCTION.KZ" ЖШС көпқабатты тұрғын үй құрылысына қажетті барлық жабдықтар жасалады. Темір бетон өнімдері үлкен сұранысқа ие. Тағы бір ерекшелік зауытқа келген жас мамандарды аға буын кәсіпке өздері машықтап алады.
НҰРҰЛАС САЙДУЛЛАЕВ, ЦЕХ БАСШЫСЫ
Келген балалар тұрақты осы жерде қалып жатыр. Текуший кадр деген жоқ. Өзім қабылдадым қазір белді жұмысшылардың бірі айлығы тұрақты. Бұл жерге келген балалар Айлық уақытылы беріледі. Жұмысты өздеріміз үйретеміз. Жаңадан келгендерді. Бригадирлерім бар Ардагерлеріміз бар солар үйретеді.
Қазақстанға жыл санап шет елдерден инвестиция тартылып жаңа зауыт фабрикалар саны артып келеді. Ол жергілікті халықты жұмыспен қамтуға зор мүмкіндік. Десекте сол өндіріс орындарына бірінші кезекте білікті мамандар қажет. Сондықтан еңбек адамдарына мемлекеттен көңіл бөлу қарапайым халықтың әл-ауқатын көтеру.