Мемлекет басшының Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру тапсырмасы аясында құрылған Шымкент қаласының №50120 әскери бөлімінде әскери міндеттілермен арнайы оқу-жаттығу жиындарының ашылуы өтті. Шымкенттік тоқсаннан астам әскери міндетті он күндік оқу-жаттығу полигонына аттанды. Жиынның негізгі мақсаты-практикалық дағдыларды оқыту және жетілдіру, әскери даярлықтың талап етілетін деңгейін және әскери міндеттілердің жауынгерлік қолдануға дайындығын қолдау. Толығырақ келесі материалда.


 Мақсат Юлдашев арнайы оқу-жаттығу жиынына шақырылған әскери міндеттілердің бірі. Шымкент қаласындағы №124 жалпы орта білім беретін мектептің физика пәнінің мүғалімі. 31 жастағы запастағы лейтенант 2013 жылы Батыс Қазақстанда әскери кафедраны бітірген. Бұл оның алғашқы оқу жаттығу жиыны.


МАҚСАТ ЮЛДАШЕВ, ӘСКЕРИ МІНДЕТТІ

Шымкент аумақтық қорғаныс бригадасына 10 күндік әскери жиынға келіп отырмын. Әскери жиынға келудегі мақсат әрбір азаматтың қасиетті борышы ол Отанды қорғау болғандықтан, осы 10 күндік жиында әскери өмірмен қайтадан өзімнің практикамды нығайту, білімді күшейту және алдағы уақытта Отанымды қорғау үшін дайын болу.


 №50120 әскери бөлімі күзгі арнайы тактикалық оқу-жаттығуға шымкенттік 93 әскери міндеттіні қабылдады. Олар қыркүйек айының 17-26 аралығында «Ақтас» оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік даярлықтан өтеді. Әскери міндеттілер арнайы оқу-жаттығуға әр 5 жыл сайын шақырылады.


БАҚЫТЖАН ӘШІМОВ, №50120 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНҢ КОМАНДИРІ

10 күн бойы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес сабақтар жүргізілетін болады. Оған өзіміздің нұсқаушылар, сабақ жүргізушілер, офицерлер мен сержанттар құрамынан тағайындалған. Барлық оқу-материалдық базасы дайын. Ақтас оқу полигонында жататын үй-жай, тамақтанатын жер, сабақ өтетін сыныптардың барлығын әзірлеп, дайярлап қойдық. 10 күн бойы сабаптар өткізілетін болады. 


 Арнайы оқу-жаттығу жылына 2 рет көктемде және күзде өтеді. Көктемгі жиынға 200-ге жуық әскери міндетті қатысқан. Жауынгерлік даярлық кезінде әскери міндеттілердің негізгі жұмыс орны мен жалақысы сақталады. Сонымен қатар оларды киім-кешек және тамақпен қамтамасыз ету қарастырылған.