Бұдан былай қымбат көлік мініп, зәулім сарай сатып алғандарға «сән-салтанат» салығы салынады. Бүгін Еңбекші аудандық кірістер басқармасы бизнес өкілдерінің басын қосып, салық кодексіндегі жаңа өзгерістерді талқылады.
Сән-салтанат салығы бұған дейін тек ұсыныс ретінде ғана айтылатын. Енді оның қандай дүниелерге салынатыны, тіпті құны белгілі болды. Мәселен, жеңіл автомобильдер 77 млн теңгеден, ұшақ пен яхталар 100 млн теңгеден асатын болса, 10 пайыз акциз салынады.Ал, қымбат жер телімдері мен құны 50 миллионнан асатын зәулім үй сатып алатын болсаңыз, 3 млн-ға жуық салық төлеу міндеттеледі.
АЙЖАМАЛ ЖҰМАШЕВА, ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қосылған құн салығының мөлшері 16 пайыз боп бекітілді, қосылған құн айналымы 10 мың айлық есептік көрсеткішке дейін төмендетілді. Сонымен қатар аранулы салық режимінде 3 бағытта ол өзін-өзі қамтыған салық төлеушілер, оңайтылған салық режимі, шаруа қожалықтары.
Бұдан бөлек, білім, медицина сынды әлеуметтік сала үшін салықты кезең-кезеңімен арттыру көзделіп отыр. Ал, ауылшаруашылығы тауарларын өндіретіндер үшін мөлшерлеме 3 пайыз деңгейінде қалса, энергетикалық сусын өндірушілерге 2030-ға дейін салық мөлшері екі есеге өседі. Салықтық бақылау толықтай цифрландырылады. Бұл өз кезегінде барлық салаға оң әсер етеді,- дейді мамандар.
ОЛЕСЯ ХАМЕЛЮК, БУХГАЛТЕР
Біз өндіруші ретінде, әрине жаңа өзгерістерді білуіміз аса маңызды. Бұрын бізге қосылатын құн салығына 70 пайыз жеңілдік болатын, қазір 80 пайыз жеңілдік жасалып жатыр. Бүгін өте пайдалы семинар болып өтті. Көптен бері толғандырып жүрген мәселелерімізді шештік, сұрақтарымызға жауап алдық .
Бүгінде Еңбекші ауданының өзінде 22 593 салық төлеуші тіркелген. Оның ішінде жекелеген кәсіпкерлер саны – 17 843 болса, заңды тұлғалар – 4750 азаматты құрап отыр. Айта кету кетсек, Мемлекет басшысы 18 шілде 2025 жылы жаңа Салық кодексі мен оған ілеспе заңдарға қол қойған еді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа кодекс күшіне енбек.