Адам ағзасы антибактериалды препараттарға сезімталдығын жоғалтып барады. Бұл организмдегі микробтардың дәрілерге бейімделіп кетуімен байланысты, – дейді мамандар. Бір қауіптісі – ғалымдар келешекте балалар бұрынғыдай қарапайым ангинадан өліп кетуі мүмкін. Антибиотиктерді оңды-солды жұта беруге болмайды. Неге? Жауабын әріптесім Лаура Сарман іздеп көрді.
Адам ағзасындағы бактериялар пенициллиннен де күшті болып, бейімделіп, өз қарсыластарын жеңіп суперинфекцияға айналуы мүмкін. Ғалымдардың зерттеуінше, қазірдің өзінде қарапайым пенициллин тобындағы микробқа қарсы препараттар ауруға әсер етпей жатыр.
КӘМШАТ БАЛҚЫБАЕВА, ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕР
Антибиотикті өздігінен ішкеніне байланысты қазіргі антибиотикті шектеуіне байланысты күшті дәрілердің өзі адамдарға әсер етпей қалып жатыр. Өйткені, резистенттілік пайда болып жатыр. Өте жоғары десек болады. Оны тоқтатудың бірден бір амалы антибиотикті тек дәрігер тағайындауымен рецептпен алып ішу керек/
Антибиотикрезистенттілік қазір әлемнің 30 елінде анықталған. АҚШ, Қытай, Үндістан, Пәкстан, Египет, Сауд Арабиясы осы тізімде бар. Ал Қазақстан мен оның аумағындағы бірқатар ел әлі бұл қатерге іліккен жоқ. Еуропа елдерінде антибиотикті сатып алу оңай емес. Тек дәрігер тағайындауымен, зертханалық тексерістен кейін ғана ішуге рұқсат беріледі.
АЙГҮЛ ТҰРЫМБЕТОВА, САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Аптекаларда антибиотикті оңды-солды сату мәселесі. Енді оған тыйым салынған. Арнайы медициналық фармацевтикалық комитет қызметі бақылап отырады. Ол дәрілерді дәрігердің тағайындауымен алуы керек. Көбіміз денсаулығымызға немқұрайлы қараймыз. Дәрігер тағайындауымен ішетін болсақ, пневмония деген сияқты асқынулар болмайтын еді/
Адам ағзасындағы түрлі ауруға себеп болатын 1 100 тірі және өлі патоген бар. Адамзат небәрі 3-4 ғасыр бұрын осы қоздырғыштардан миллиондап қырылып жатты. Ал қазір микроб балансы сақталып тұр, әзірге адамзат жеңіп келеді, – дейді сарапшылар. Әр ауырған сәтте дәрігерге қаралып, ішетін препаратқа мұқият болу – ғалымдарға күшті дәріні ойлап табуға уақыт созар еді.