Бір күнде түркістандық 300 азамат мемлекеттік қызметке жүгінеді. Оның 80 пайызы мәселесінің оң шешімін алып жатады. Азаматтарды қабылдау орталығына өз ұсыныстарын білдіретін тұрғындар да жоқ емес. Кезекті «Ашық есік» күнінде мамандар 25 түрлі салада 25 азаматтың ұсынысын қабылдады. Цифрлы форматтағы шараға облыстың барлық аудан-қалалары онлайн режимде қатысты.
 Түркістандағы азаматтарды қабылдау орталығына бір күнде 250-300 азамат жүгінеді. Оның басым бөлігі мемлекеттік қызмет алады. Мәселен тұрғын үй, жер, құрылыс, жұмыспен қамту саласында мәселе айтатындар көп. Ал ашық есік күнінде негізінен АӘК жаңа форматын дұрыс түсіндіру бойынша 50-ден аса азамат қабылданды.
Мамандар өткен жылы 90 мыңдай азаматтың өтінішін қабылдаған. Оның 28 мыңы мемлекеттік қызметтер бойынша арыз білдірген. 56 мың азамат өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында онлайн құжат рәсімдеген. Ал қала әкімі мен оның орынбасарлары 250 азаматты жеке қабылдаған.
 Орталыққа осы жылдың алғашқы айында 6 мыңдай азамат жүгінген. Оның 5 мыңы мамандардың кеңесін алып, 138 өтініш қанағаттандырылған. 7 азамат әкім қабылдауына кіріп, мәселесін шешкен.