Кәсіпкерлер мемлекеттік тілге жанашырлық танытып келеді. Оған Түркістан қаласында ашылып жатқан мейрамханалардың сыртқы жарнама көрінісі дәлел. Тіл саясатын дамытуда қосып жатқан үлесін сюжеттен бірге көрейік.
«Сандық» пен «Тары» мейрамханалары ұлттық дәстүр мен мәсдениетті жалғап отырған бірегей мейрамханалар. Тарих пен заманауи үлгіні ұштастыра отырып әзірленген тағамдарға сұраныс жоғары. Мамандар осы бастама арқылы тілге құрметті арттырып, ұлттық болмысымызды насихаттауға үлес қосып отыр.
Осы сарындағы мейрамхананың бірі – 1465. Ол қазақ даласында Керей мен Жәнібектің хандық құрған дәуірімен ұштастырылған. Ал «Ақторсық» қазақтың көне ыдысының атауына орайластырылып қойылған.
Тіл жанашырлары мұрындық болған мейрамханаларға шет елдерден келетін қонақтардың да қатары артып отыр. Олар қасиетті Түркістан жеріне келіп, қазақтың көне дәстүрі мен ұлттық тағамдарынан дәм татады. Осылайша қазақтың кешегі тұрмысын замануи үлгіде қалыптастырып келеді.