«Заң және тәртіп». Осындай  тақырыпен Шымкент қаласындағы №1 мектеп-гимназияда арнайы семинар өтті. Оған алғашқы әскери және техногиялық пән мұғалімдері қатысты. Педогогтар  «Біртұтас ел – біртұтас жер» бағдарламасын талқылап,  құқықтық құндылықтар жайында сөз қозғады.

Бір күндік әдістемелік жиынға Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандарының  алғашқы әскери және техногиялық пән мұғалімдері қатысты. Әдістемелік сабақ барысында полиция департаментінің қызметкері педогогтерге жол жүру ережелерінің қауіпсіздігі жайлы түсіндіру жұмысын жүргізді. Жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін түсіндірді. Семинарда қатысушыларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

ӘБДІҒАБИТ ШЕГЕБАЕВ, ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ – ПОЛКОВНИК
 Бүшгіггі таңда мынау жиын білім басқармасы «Әдістемелік орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» директоры Шолпан Айтбаева мен Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандарының біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы полковник Ғалымжан Факирдинов араларындағы бекітілген жоспары аясында өткізіл жатыр. Осы семинар барлығымызға оң септігін тигізіп, өскелең ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеуге барынша ықпал ететіне кемел сенемін.