Ел ардақтысы –Амантай қажы Асылбек тағдырдың талайлы жолын бастан кешкен, әркез халық мүддесін ұлықтап жүрген жан. Осынау жылдар ішінде адамзатты адалдыққа үндеп, имандылыққа баулап өмірбой дін мен руханият жолында қызмет етіп келеді. Қажы өзінің туған жері Шардара ауданында көпшіліктің басын қосып ас беріп, ақ батасын арнады.
Бұған дейін Амантай қажы Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шараға арнайы келіп қатысып қайтқан еді. Ел тыныштығы мен бірлігін үнемі ойлап жүретін тұлға төл мерекенің ерекше қонағы болды.
Бұл жолы туған өлкесі Шардара мен Келес ауданында қарашаның басын қосып ата баба рухына құран бағыштап ас берді. Рухани Іс-шара Семей полигонының жабылуының 34 жылдығына арналды.
АМАНТАЙ ҚАЖЫ АСЫЛБЕК, «АТТАН ҚАЗАҚСТАН» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Дүниежүзінің апатқа ұшыраған Семей полигонының жабылуына Аттан Ақзақстан қазақ халқы бірінші, Олжас ағамыз бастаған полигон жабылуға ресми. Осыдан кейін біз жыл сайын келіп Шардарада, Келесте Асықатада үлкен ас бердік. Биыл Келес менің ата мекенім. Оны Қатаған мазарында бар. 40 мың адам жиналады. Ол сендерде бар. Бір 100-200 адам болды деп ойлаймын. Ал Шардарада 400 адамдай жиналды. Бас имамы Марат бата беріп, құран оқып. 35 жыл еске алып келіп Келес ауданына, Шардараға, Асықатаға, Шымкентте, Түркістан халқына рахмет айтып мен қажымын. Он рет бата беру ол үлкен мәселе.
Айта өтейік Амантай Хантемірұлы Мекке мен Мәдинаға он рет қажылық сапармен барып, мыңдаған адамға жол көрсетті. Қарапайым халыққа 5000 құрын, 1000 тәспі, 300 литр зәм зәм суын, 100 жайнамаз әкеліп таратып, қайырымдылық шараларын жасап, адалдықтың үлгісін көрсетіп келеді. Бүгін ол қажы ғана емес, есімі рухани ұстаз ретінде қазақ қоғамына танымал азамат.