Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденімен марапатталды. Бауырлас елге жасаған ресми сапары кезінде экономикалық, саяси және мәдени салаларға қатысты ілкімді келісімдер жасалды. Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан делегациясына ерекше құрмет көрсетіп, «Екінші Отаныңызға қош келдіңіз» деп қарсы алды.


Бұл Анкарадағы Президент сарайында өткен Қасым Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі. Мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.


 Екі елдің әнұрандары шырқалған соң бір біріне делегация мүшелерін таныстырды. Одан соң лидерлер шағын құрамдағы келіссөздер өткізіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын талқылады.

Нарезка


ҚАЗАҚСТАН ТҮРКИЯ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ АРНАЙЫ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҰСЫНАДЫ


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді. Кеңесте өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту мәселесі талқыланды. Тауар айналымын арттыру жобаларынан бөлек, Түркия азаматтарына Қазақстан аумағында 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Қазақстан делегациясына ілтипат білдірген Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Екінші отаныңызға қош келдіңіз» деп ерекше құрмет көрсетті. Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Қазір елімізде 4 мыңға жуық түрік компаниясы жұмыс істейді. Олармен бірлесіп, құны 6 миллиард доллар болатын бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Үкіметіміз Түркия кәсіпкерлеріне арнайы жеңілдіктер ұсынуға әзір деді Президент.


Қасым-Жомарт Тоқаев ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Біз ашық әрі сенімді серіктес ретінде түрік инвесторларын қолдауға әрқашан дайынбыз. Сондықтан Түркия компанияларын ұзақ мерзімге арналған ірі жобаларға атсалысуға шақырамын. Көлік-логистика саласындағы байланысты күшейтуге мүмкіндік мол.


ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ МӘДЕНИ САЛАДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТАДЫ


Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мәдени-гуманитарлық байланыс – қазақ-түрік қатынасының алтын көпірі. Соның ішінде білім және ғылым саласының орны ерекше.


Қасым-Жомарт Тоқаев ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Қазіргі таңда біздің 12 мыңнан астам студентіміз Түркияда, ал 300 түрік студенті Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Осыған қолдау көрсеткені үшін Түркия Президенті мен Үкіметіне ризашылығымды білдіремін.


Түркия Президенті бүгінгі келіссөздердің нәтижелі болғанын атап өтті.


Режеп Тайип Ердоған ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Қазақстан – аймақтағы экономикасы ең ірі ел және біздің негізгі серіктесіміз. Біз тау-кен, сирек кездесетін металдар бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырдық. Қазақстан мұнайын Түркия арқылы әлемдік нарыққа экспорттау мүмкіндіктерін талқыладық. Тарихи Жібек жолының қазіргі баламасы – Транскаспий көлік бағдарын пайдалану және дамыту жолдарын қарастырдық.


 Қ.ТОҚАЕВҚА ТҮРКИЯНЫҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАСЫ ТАБЫСТАЛДЫ


Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденімен марапатталды.


Мемлекет басшысының Анкараға ресми сапарының аясында үкіметаралық және ведомствоаралық 18 құжатқа қол қойылды.

Оңғар Алпысбайұлы, Бахтияр Омаров, Бауыржан Бүрлібаев, ПТРК, ҚҰТ, Түркия, Анкара